Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семей әкімдігінде су тасқынының алдын алу мәселесі талқыланды

5-02-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде қала басшысы Талғат Мұратовтың төрағалығымен су тасқынының алдын алу жөнінде жедел кеңес өтті. Оған әкімдіктің тиісті бөлім басшылары мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Осыған дейін қаланың су басу қаупі бар аймақтар анықталғанын айтқан болатынбыз. Олардың қатарында Сроства, Затон, Казкрай, Таткрай, Шығыс, Дальний кенттері бар. Қала әкімі Талғат Мұратов жауапты мекемелерге көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

«Көктемде төтенше жағдай туындамауы үшін біз қазірден бастап барынша дайын болуымыз керек. Су басу қаупі бар аудандар ерекше бақылауға алынды. Коммуналдық қызметтер арықтарды, су өткізу жүйелерін тазартып, инертті материалдар қорын жасақтауы қажет. Төтенше жағдайлар басқармасы мен әкімдік тиісті шараларды уақытылы атқарып, халыққа ақпарат беріп отыруы тиіс», – деді қала әкімі.

Қыс басталғалы бері қала аумағынан 37 087 текше метр қар шығарылды. Қар тазалау және шығару жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника мен 120 адам күнделікті жұмылдырылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық қажетті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив