Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.96 487.73 5.38

Қазақстанда фармацевтика саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалды

Бүгін, 13:10

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық өндірушілерді қолдау және халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту тетіктерін жетілдіруде. Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық өндірушілерге басымдық беріледі. Өндірісті оқшаулау деңгейін, ғылыми әзірлемелерге салынған инвестицияларды және экспорттық әлеуетті ескере отырып, өнім берушілерді бағалау критерийлері жаңартылды.

Ұзақ мерзімді келісімшарттардың қолданылу мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартылып, оны қосымша 3 жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылды.

Құны 73 млн АҚШ долларынан асатын ірі инвестициялық жобалар үшін салықтық және кедендік преференциялар, сондай-ақ инфрақұрылымдық қолдау көзделген инвестициялық келісімдер жасау мүмкіндігі қарастырылған.

 Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында:

* 28 өндірушімен 83 ұзақ мерзімді келісімшарт;
* инвестициялық міндеттемелер бойынша 8 келісім жасалды;
* міндеттемелердің жалпы көлемі 391,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар өндірісті оқшаулау деңгейін кезең-кезеңімен тереңдету көзделген. Бұл қарапайым технологиялық операциялардан бастап, күрделі өндірістік процестерді игеруге дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Инвестиция тартумен ғана шектелмей, Қазақстанда заманауи дәрілік заттардың тұрақты өндірісін жолға қою, технологияларды дамыту және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мақсаты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив