Семейде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Яна» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қала әкімі Талғат Мұратов қатысып, ұсынылған өнімдермен танысты.
«Мұндай жәрмеңкелер қала халқы үшін аса маңызды. Біріншіден, тұрғындар сапалы және табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады. Екіншіден, жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсыну арқылы сауда аясын кеңейтеді. Біз осындай жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп, жергілікті өндірісті қолдауды жалғастыруымыз қажет», - деді қала басшысы.
Жәрмеңкеде қала маңындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Саудаға 300 литр сүт, 1 тоннаға жуық ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), 200 кг тауық еті, 100 литр қымыз, 1000 дана жұмыртқа, 1,5 тонна картоп пен сәбіз, 500 кг ұн өнімдері және 50 кг бал шығарылды.
Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағамен сатты. Бұл шара халықтың әлеуметтік тауарларды тиімді бағада сатып алуына, әрі жергілікті өнімдерді насихаттауға бағытталған.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»2023 жылы 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр