Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Сенат Аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысы жалғасуда

11-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта Аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кезекті тренинг кезеңі басталды. Семинарға қатысушылар іс жүргізудің негізгі мәселелерін, құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігін және электрондық құжат айналымына қойылатын заманауи талаптарды егжей-тегжейлі қарастырды.

Сарапшылар оқу барысында құжаттарды ресімдеу мен тіркеу тәртібін, жүйелеу мен сақтауды, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық шешімдерді қолдануға талдау жасады. Депутаттық сауалдарды ресімдеу тәжірибесі мен азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге арналған жұмыс ерекше ынта-ықылас туғызды. Оған қатысушылар маңызды сұрақтарға жауап  алды.

Сенат Аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтау мәселелері бойынша дәріс те тыңдады. Мамандар кәсіби нормаларды, бірыңғай этикалық стандарттар және ұжым ішіндегі өзара іс-қимыл ережелерін сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Семинар қызметкерлердің біліктілігін арттырумен қатар, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік берді. Осылайша, Сенат Аппараты жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін және кәсіби дамуға арналған маңызды алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив