Абай гарнизонында инженерлік-саперлік полкінің бөлімшелерін дайындау барысы пысықталды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты инженерлік-саперлік полктің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін дайындауда инженерлік барлау жаттығулары пысықталды.
Іс-шаралар мамандық бойынша дайындауда алар орны зор. Жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылды және сарбаздардың өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталды.
- Қазіргі таңда ұрыс тәсілдері елдімекендерде өтіп жатқандықтан бөлімшелерді дайындау барысында жолдарды инженерлік барлау жаттығулары арқылы пысықтаудамыз. Инженерлік барлау бөлімшесі барлау дайындығын орындау барысында жол учаскесін минасыздандыру нормативін орындады. Инженерлік барлау ротасы өзіне қойылған тапсырманы толықтай орындады және жол учаскесі минасыздандырылды. Инженерлік әскерлері өздеріне қойылған тапсырмаларды әрқашан орындауға дайын, - деп атап өтті инженерлік саперлік ротасының командирі аға лейтенант Жансерік Расбаев.
Сабақтар барысында белгіленген аумақтарда анықталған жарылғыш заттарды залалсыздандырумен аяқталды. Әр сарбаздың дайындық деңгейі тексеріліп, бөлімшелердің жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығы, олардың жедел әрекет ету және дұрыс шешім қабылдау қабілеттері анықталады.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Жыл қорытындысы: Қорғаныс министрлігінде Қарулы күштердің үздік әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілдіЖартыжылдық қорытындысы: армияны жаңғырту, әскери жаттығулар және бітімгерлік қызметМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы