Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Абай облысында жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді

12-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің ауданаралық бөлімінің қызметкерлері арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге маманданған Аягөз балалар орталығының ұжымымен кездесу өткізді.   

Іс-шараның мақсаты күн сайын ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті орнату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру болды. Әлеуметтік қорғау саласында «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау өте маңызды, себебі ол қолдау мен қорғауды қажет ететін адамдардың тағдырына тікелей әсер етеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар заң шеңберінде жұмыс істеудің және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер арасында, әсіресе ерекше балаларға көмек көрсету кезінде жоғары моральдық стандартты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай мекемелерде адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру халық арасындағы сенімді нығайтуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметтердің тиімді және әділ жұмысын қамтамасыз етеді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив