Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Абай облысында тасымалдау жағдайларына мониторинг жүргізді

18-02-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті еріктілермен, Көліктік бақылау инспекциясымен, Полицияның желілік бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өкілдерімен бірлесіп, азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жеке тасымалдаушылардың жолаушылар пойыздарына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты бірнеше мәселе атап өтілді. Атап айтқанда, кей вагонда вай-файдың болмауы және жекелеген құрамдарда санитарлық тораптардың жұмыс істемеуі. Сол жерде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Пойыз бастықтары ұсыныстарды мұқият қарап, алдағы жұмыста ескертулерді ескеруге дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жолаушылар тасымалы жағдайларын жақсарту және көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды.

Департамент барлық тасымалдаушыларды «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтауға және жолаушылар үшін қызмет көрсету сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін бақылау-қадағалау органдарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив