Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.76 521.7 5.63

Заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізіледі

19-02-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қару-жарақ бастығының басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін жеке қорғану құралымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау жеке қорғаныс құралдарын Тыл бастығы басқармасының жабдықтау нормаларынан алып, оларды Қару-жарақ бастығы басқармасының мүлік тізбесіне береді.

Нормалар қойылған міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілердің өмірін барынша сақтау үшін құрамалар мен әскери бөлімдерді жеке қорғаныс құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Олардың қатарында оқ өтпейтін кеудешелер, модульдік бронды түсіру жүйесі, дулыға, қорғаныс қалқандары, көзді қорғау жиынтықтары және т.б. бар.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 5 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15451597 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив