Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
521.81 543.67 5.05

Әскери қызметшілер мен әскери бөлімдерді заттай мүлікпен жабдықтау нормалары бекітіледі

Кеше, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін бейбіт уақытта заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 413 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжатта киім-кешектің, аяқ киімнің атаулары және киім-кешек қызметінің мүлкін жабдықтау нормалары нақтыланады. 

Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15383813 сілтемеге өтіп танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив