Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-5°С
  • Аягөз-11°С
  • Ақсуат-12°С
  • Бородулиха-7°С
  • Қалбатау-10°С
  • Курчатов-9°С
  • Көкпекті-14°С
  • Үржар-6°С
502.47 525.83 5.68

Медальдар мен мерзімінен бұрын атақтар: Қорғаныс министрі UAE SWAT Challenge-2025 қатысушыларын марапаттады

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі арнайы мақсаттағы бөлімшелер жарыстарына алғаш рет қатысқан Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерін құттықтады.

Ол мұндай жарыс әскерилердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

– Арнайы операциялар күштерінің "Жаубасар" командасы алғаш рет элиталық бөлімшелердің жарыстарына қатысты. Жарыс бағдарламасы арнайы полиция күштеріне арналған. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алда Иорданиядағы әскери арнайы мақсаттағы бөлімшелердің және Ұлыбританиядағы "Кембрий патрулі" жарыстары өтеді. Олардың нәтижелерінен сендердің кәсіби даярлықтарыңды көре аламыз, – деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.

Халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мерзімінен бұрын әскери атағын  алды. Сонымен қатар, бірқатар офицерлерге Қорғаныс министрі "Ел қорғаны" медалін, Арнайы операциялар күштерінің белгісін және алғыс хаттарды табыс етті.

Естеріңізге сала кетсек, Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2025 жарысы әлемнің 80-нен астам елінен 106 команданың басын қосты. Сайысқа еліміздің күш құрылымдарының 12 командасы қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив