Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

20-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігінің жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сианға тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив