Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен кездесті

22-02-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды.

«Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады», – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.

Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив