Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.31 567.96 6.03

Медициналық бейіндегі НҚА резервтегі қызметке кіретін азаматтар санатымен толықтырылады

22-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бас әскери-медициналық басқарма «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ҚР Қарулы Күштерін жасақтаудың қосымша тәсілі ретінде резервте қызмет енгізілуіне байланысты әзірленіп отыр.

Бұл құжат резервте әскери қызметке кіру кезінде азаматтардың, сондай-ақ резервте әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына қойылатын талаптар бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 11 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15457346 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив