Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Абай облысында маңызды жиынға дұрыс дайындалмай келген басқарма басшысына ескерту берілді

25-02-2025, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Жарылғапов қар шығару жұмысы, су тасқыны кезінде қажет материалдар қоры жөнінде облыс әкіміне баяндады. 

Алайда ұсынған мәліметтері басқа құзырлы органдармен сәйкес болмай шықты. 

«Баяндамаңызда әкімдіктер 65 140 қап құм дайындады дейсіз. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша 70 мың қап әзірленген. Кімнің айтқанына сенеміз? Қайсысы дұрыс? Сіздер бірлесіп жұмыс істейсіздер ме? Бір облыста отырып, бір-бірлеріңізбен байланыс жоқ. Осындай жауапсыздықтың кесірінен былтыр су тасқыны болды. Енді мұндай жағдай қайталанбасын. Маңызды жиынға дұрыс дайындалмай келгеніңіз үшін ескерту беремін. Хаттамаға кіргізіліп, күшіне енгізілсін», - деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив