Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады

25-02-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады.

Кездесу барысында мәдени және қоғамдық өмірдегі түрлі салалар бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Қабылдау онлайн және офлайн форматта өтті.

Өтініш білдіргендердің қатарында шығармашылық зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері болды. Қатысушылар шығармашылық жобаларды дамыту, еске алу іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ кітап шығаруды қолдау секілді тақырыптарды қозғады.

Министр өтініш білдірген азаматтарды тыңдап, мәселелерді одан әрі қарау үшін комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив