Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

ІІМ басшысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын таныстырды

28-02-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының жарлығымен Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында көп жылғы тәжірибеге ие, түрлі оперативті және жетекші лауазымдарды, 2023 жылдан бері ҚАЖ комитетінің орынбасары қызметін атқарды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жаңа басшысын ІІМ ҚАЖ комитетінің жеке құрамына жедел кеңес барысында таныстырды.

Министр ІІМ қызметінің басты принциптері заң мен тәртіп екенін атап өтті.

Министр сонымен қатар, түрмедегі заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту, олардың әлеуметтік бейімделуін арттыру, пробация қызметі бойынша есепке алынған тұлғаларға бақылауды күшейту және цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Министр жазаны орындау жүйесін дамыту бойынша басым міндеттерді белгілеп, жаңа басшыға ведомстваның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив