Абай облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты
Бүгінгі таңда облыс бойынша қардың белсенді еруі және топырақтың еруі байқалады. Облыстың жазық бөлігіндегі қар жамылғысының биіктігі 1-ден 38 см-ге дейін, топырақтың қату тереңдігі 3 см-ден 67 см-ге дейін.
Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан Бесқарағай ауданының шекарасына дейін сирек мұз айданы, қалдық жинақтар бар.
Абай облыстық ТЖД күштерімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрғын үйлер мен аумақтарды су басуға жол бермеу бойынша тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда: елді мекендерден шамамен 700 мың м3 қар шығарылды, автомобиль жолдарында су өткізу құрылыстары тазартылды, 38 мың бірлік қап және 3 мың тоннадан астам инертті материалдар дайындалды.
Қар жамылғысының түсуіне және тасқын сулардың өтуіне ғарыштық мониторинг жүргізілуде.
457 бірлік техника және 109 мотопомпа тұрақты дайындықта тұр.
Облыста 95 гидротехникалық құрылыс бар, оған 10 су қоймасы, 15 тоған, 6 бөгет, 20 су торабы, 1 шлюз және 43 магистральдық канал кіреді. ГТҚ штаттық режимде жұмыс істейді.
Шүлбі су қоймасының толымдылығының күнделікті мониторингі қамтамасыз етіледі, тасқын суларды қабылдау үшін жинақтаушы көлемдер құрылды. Гидрологиялық жағдай тұрақты.
Ертіс және Оба өзендерінде кептеліс құбылыстарының пайда болуын болдырмау мақсатында жалпы ауданы 30 мыңнан асатын шаршы метр мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс тобы Ертіс және Үбі өзендеріндегі гидрологиялық жағдайға, сондай-ақ облыстың солтүстік аудандарының аумағындағы қар қорлары мен ГТҚ жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізеді.
Су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда.