Қорғаныс министрінің төсбелгілермен наградтау жөніндегі бұйрығына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Құжат жобасындағы 9-тармақтың төртінші бөлігінде «Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» кубогының сипаттамасы өзгертілді. 25-тармақта Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің «Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» төсбелгісімен наградтау үшін негіздер және әскери қызметшілерді іріктеу тәртібі баяндалады.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 18 наурызға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15470474 сілтеме арқылы танысуға болады.