Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

27 наурыз - Бүйрек саулығының маңыздылығы күні

28-03-2023, 11:51 Думан Кенжеғазыұлы

27 наурызда Қазақстанда бүйрек ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және профилактикасымен  айналысатын медициналық маман - нефролог күні аталып өтіледі.  Бұл күн бүйрек саулығының маңыздылығын және соңғы жылдары Қазақстанданефрология саласындағы медицинаның қандай жетістіктеріне қол жеткізілгенін еске салады.

Бүйрек ауруы – бүкіл әлем бойынша 800 миллионнан астам адамға қатысты жаһандық денсаулық сақтау мәселесі.  БҰҰ мен ДДҰ декларациясының соңғы нұсқасына сәйкес созылмалы бүйрек ауруының (ересек халықтың 13,4%) кең таралуы ерекше назар аударуды және басымдықты қарауды қажет етеді.

Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің дамуы мен өршуінің  қауіп факторларын анықтауға маңызды мән беріледі.  Қазіргі уақытта ҚР-да 8000-нан астам пациент амбулаториялық диализ орталықтарында бағдарламалық гемодиализде, 2500-ден астам бүйректі  трансплантаттауы бар пациенттерде, 3500-ден астам пациент бүйректі  трансплантаттауды  күту парағында тұр.

Нефрология мамандары медицинаның барлық салаларында сұранысқа ие, бүйректің зақымдану себептерінің көп қырлылығын көрсетеді – диабеттік бүйрек ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, жүйелі аутоиммунды және генетикалық аурулардың үлкен ауқымы.

Дәрігерлер жіті нефрология бөлімшелерінде жұмыс істей отырып, барабар  иммуносупрессивті, базистік және нефропротективті терапия туралы ойлана отырып, диализ орталықтарында уремияның жүйелі асқынуларын өмір бойы түзетуді қамтамасыз ете отырып, трансплантатталған бүйректің ұзақ жұмыс істеуіне қол жеткізе отырып, лайықты алғыс пен құрметті талап етеді.

Бүйрек функциясының  созылмалы жеткіліксіздігінің әлеуметтік-маңызды және экономикалық – шығынды проблемасының жауапкершілік ауыртпалығы білім берудің тұрақты үздіксіз процесін және диагностика мен емдеудің жаңа инновациялық схемаларын енгізуді, халықтың  арасында хабардарлықты арттыруды және профилактикалық іс-шараларды жүргізуді талап етеді.

Елімізде нефрологиялық көмектің табыстылығы мен қолжетімділігіне ықпал ететін нефрология және сабақтас пәндер саласында жұмыс істейтін мамандарды құттықтаймыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив