«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы басталды
Акцияның мақсаты – наурыз айында халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүгедектігі бар жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініштерді орындау.
Іс-шара барысында волонтерлер қазақстандықтардан 300 хат қабылдады. Бүгінгі таңда барлық хаттар таратылды.
Бұл акцияны Мемлекет басшысы қолдап, астаналық бір тұрғынның тілегін орындағаны белгілі.
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сегіз жасар астаналық Ералының үйіне барып, өзі хатта сұраған сыйлықтарды табыс етті.
Акцияға өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысып, игі істер жасай алады.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыПрезидент Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қатыстыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алдыСенат ҚР Әлеуметтік кодексін қабылдады