Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2023 жылы жол бойындағы қызметтің 78 нысанын іске қосу жоспарланған

28-03-2023, 14:26 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл жыл соңына қарай Ұлттық стандарттың талаптарына сай келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының үлесін 82%-ға дейін жеткізу көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді.

«Қазір жұмыс істеп тұрған жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына басымдық беріп келеміз. Мәселен, биыл 78 қызмет көрсету орнын іске қосу көзделген, оның 53 нысаны жеке инвестицияларды тарту есебінен және жаңғырту мен жөндеу шеңберінде 25 санитарлық-гигиеналық торап қойылады», деді А.Беков.

Айта кетейік, қазір республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында 1 634 нысанның қызметі жолға қойылған. Оның 1 204-і немесе 74%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив