Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.05 542.99 5.98

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Моңғолия елшісі Дорж Баярхуумен кездесті

7-03-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқарудағы адами ресурстарды дамыту, мемлекеттік аппаратты цифрландыру және кәсібилендіру бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Моңғол тарапына адам ресурстарын басқарудағы отандық «eQyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыруды жүргізетін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының инфрақұрылымы таныстырылды.

Агенттік төрағасы тұрақты байланыс орнатудың, мемлекеттік қызметті цифрландыру бағыты бойынша өзара іс-қимылды нығайту және бірлескен оқу курстарын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Атап өту керек, биылғы жылдың қаңтар айында Сингапурдағы жаһандық үкіметтік Саммит аясында Агенттік төрағасы мен Моңғолияның Мемлекеттік қызмет кеңесінің төрайымы арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесуде тараптар мемлекеттік қызметке қабылдаудың цифрлық жүйесін қалыптастыру, адам ресурстарын басқаруды цифрландыру жөнінде пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив