Бауыржан Жүсіпов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Астана медицина университеті» АҚ бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласы, Қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы желілік бригадасының фельдшері болып бастаған.
2006–2008 жылдары — Астана қаласы, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының «Хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординаторы.
2008–2010 жылдары — Астана қаласы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК гинекология бөлімшесінің дәрігер-ангиохирургы.
2010 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық ғылым және білім басқармасының сарапшысы, «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің маманы, түрлі медициналық холдингтер мен ұйымдарда менеджер, бас менеджер болып жұмыс істеді.
2013–2014 жылдары — Астана қаласы, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ хирургия және ішкі аурулар бөлімінің ангиохирург дәрігері.
2014–2015 жылдары — Астана қаласы, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ диагностика орталығының басшысы.
2016–2017 жылдары — Астана қаласы, «University Medical Center» корпоративтік қоры Ядролық медицина және сәулелік диагностика орталығының басшысы.
2017–2018 жылдары — Астана қаласы, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Медициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы.
2018–2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы.
2019–2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
2021–2022 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры.
2022–2024 жылдары — ҚР Президентінің Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарын басқару бөлімінің бас инспекторы.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Президентінің Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарын басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары.