Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бас мүфти ауыл имамына Ұмра қажылығына жолдама табыстады

11-03-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауыл имамына кіші қажылық жолдамасын табыстады.

«Дін қызметі сауапты да, жауапты, өзіндік қиыншылығы мен артықшылығы да бар қызмет. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мешіттерде қызмет ету оңай емес, ерекше ықылас пен айрықша сабырлықты талап етеді. Ендеше, біз осындай ауылдық жерде Алланың дініне қызмет етіп жүрген имамға ерекше қуаныш сыйлағалы отырмыз»,- деді Бас мүфти.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы демеушілердің көмегімен ұмра қажылығына жолдаманы Абай облысы Көкентау ауылының имамы Рүстем Нурановқа табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив