Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Сіздер осы бірлесіп жұмыс жасайсыздар ма? - Берік Уәли

11-03-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы 300 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. 

Бұл білім ордасы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтергенімен, оқу процесі әлі басталған жоқ. Себеп – электрмен жабдықтауға қатысты шешілмеген мәселелер. 

Осыған байланысты нысанға тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ ғимаратты жергілікті атқарушы органдардың балансына өткізбей отыр.

Жергілікті билік пен мердігер арасындағы байланыстың әлсіздігі – осы жағдайдың негізгі себептерінің бірі.

Аймақ басшысы мәселені қатаң бақылауға алып, Құрылыс басқармасының басшысына апта сайын есеп беруді тапсырды. 

Сонымен қатар, тапсырыс беруші компанияға нысанды барлық талаптарға сай қабылдап алуды міндеттеді.

Бесқарағайдағы мектептің тағдыры – жергілікті билік үшін үлкен сын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив