Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
488.53 531.91 5.68

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысында ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысы мен биылғы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Отырысқа министрлік пен оған бағынысты ұйым өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері қатысты. ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өткен жылы атқарылған елеулі жұмыстар туралы баяндады.

Министрдің мәліметінше, 2024 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда сауда көлемі 9,1%-ға артты. Сауда саласына 884,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артық.

Ішкі сауда айналымы да тұрақты өсім көрсетіп, 14,1%-ға артты. Көрсеткіш 69,6 трлн теңгеге жетті. Бұл көлемнің ішінде 47,2 трлн теңгені көтерме сауда, ал 22,4 трлн теңгені бөлшек сауда құрайды.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2024 жылы 141,4 млрд долларды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 млрд долларға артты. Сауда балансы 3,1 млрд долларға (16%-ға өсу) өсіп, 21,8 млрд долларды құрады.

2024 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорт көлемі 10,7%-ға өсіп, 40,2 млрд долларды құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 36,3 млрд доллар болған еді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылы 1,4% ғана  өсті. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

«Сауда -  жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, инвестицияны ынталандырып, тұрақты экономикалық дамуды қолдай отырып, ел экономикасының маңызды салаларының бірі болып қала береді. Сауда саласында 1,6 миллион адам еңбек етеді. Сондықтан жалпы ішкі өнімнің 19,1%-ын құрап отыр», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Мемлекет басшысы экономикалық тұрақтылықты нығайту және сауда саясатында жаңа, батыл тәсілдерді енгізу бағытында нақты тапсырмалар қойған болатын. Бұл тапсырмалар өткен жылы «айтылған — орындалды»  принципіне сәйкес табысты жүзеге асты.

Ведомствоның негізгі міндеттерінің  бірі - экспортты дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде экспортты қолдау үшін барлық қажетті құралдарды біріктіретін бірыңғай орталық құрылды.

«Қазіргі уақытта 5 шекаралық хаб құру жұмыстары жүріп жатыр. Ол  инвесторларды тартуға және көрші елдермен шикізаттық емес экспортты 30%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағынын 2 еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылға арналған министрліктің негізгі басым міндетін атап өтіп. Жалпы Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан елдің ЖІӨ-ін екі есе арттыруға бағытталған мақсаттар бар.

«Бұл жылы біздің алдымызда экономиканың өсімін 6-7% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұр», — деп атап өтті министр.

Осы мақсатқа жету үшін сауда саясаты үш стратегиялық басымдықты іске асыруға бағытталады. Біріншіден, болашақтың сауда экожүйесін» құру — сауданың цифрлық трансформациясы, тауарлардың, сауда нысандарын цифрландыру. Ұйымдасқан сауданы, оның ішінде биржалық және электронды сауданы дамыту. Екіншіден, отандық тауарларды ілгерілету — қазақстандық өндірушілердің позицияларын нығайту, импортқа тәуелділікті азайту және қосымша құн жасауға ынталандыру. Сондай-ақ, сыртқы сауда саясаты қайта қаралады, жоғары қосылған құны бар жобаларға басымдық беріледі және экспорттық қолдау шараларының тиімділігін арттыру жоспарлануда.үшіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету  өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған шараларды енгізу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив