Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби quiz өткізілді. Байқауға қаламыздың арнайы орта білім беру және жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 4 топ қатысты.

Шараны аша отырып кітапхана қызметкері Абай - бүкіл әлем таныған дана ұстаз, ақын және адамзат кемеңгері екенін, Абайдың ұлылығы мен бірегейлігі ұлттық рухтың бекемдігін биікке көтеріп, ағайындарының санасына жігерлілік пен мақсаткерлік қасиеттерін сіңіргенін атап өтті. Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын мерекелеу - бұл тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі екенін, ол халықтың тарихи санасын тереңдетуге және елдің рухани мәдениетін жаһандық форматта жан-жақты ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең. «Абай бол!» Бұл кезеңде әр топ экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты болды. 1-кезеңде 10-нан 50-ге  дейінгі аралықта ұпай қойылды.

2-кезең. «Ойлан, тап!» Бұл кезеңде әр қатысушы топ 1-ден 5-ке дейінгі бір санды таңдады. Әр санда бір бейне сұрақ жасырылды. Бейне сұрақтар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты болды. 2-кезеңде әр бейне сұраққа 30 ұпай қойылды.

3-кезең. «Шығыстың жарық жұлдыздары». Бұл кезеңде әр топтың көшбасшысы ортаға шығып, экранда «Kahoot» платформасы арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар мына тақырыптарды қамтыды: Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, Абайтану, аудармалар және т.б. Әр көшбасшы қолындағы смартфон арқылы «Kahoot» платформасына кіріп, экранда көрсетілген пин-кодты жазып, сұрақтарға жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлдені - Геологиялық барлау колледжінің командасы, 1 орын – Alikhan Bokeikhan University, 2 орын – М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, 3 орын – IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі иеленді. 

Шара соңында қазылар алқасы жеңімпаз топтарды бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив