Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

AGROMASH және Л-АГРО Қазақстанда сепкіштердің бірлескен өндірісін іске қосады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қостанайдағы локализация орталығының базасында «Л-АГРО» технологиясы бойынша вариаторлық үлгідегі сепкіштер өндірісі басталады. Екіжақты келісімге қол қою AgriTek\FarmTek ASTANA 2025 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесінде өтті. Қол қою рәсіміне ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты.

Вице-министр Қазақстанда заманауи әмбебап сепкіштерді өндіру туралы келісімге ҚР АШМ бастамасымен отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші AGROMASH қол қойғанын атап өтті.

«Министрліктің міндеті-фермерлерді заманауи техникамен қамтамасыз ету. Өздігінен жүретін доңғалақты техника мәселесі толығымен шешілді, бірақ аспалы және тіркеме техникасы бойынша сегмент 100% қамтамасыз етілмеді. AGROMASH бұл мәселені шешу мақсатында қысқа мерзімде өндірушімен келісімге келді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден астық сепкіштердің қандай түрлері мен маркалары талап етілетінін анықтау үшін нарыққа талдау жүргізілді. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікті лизинг көлемі 200 млрд теңгені құрайды, бұл шаруаларды егіс, егін жинау техникасымен, өсімдіктерге күтім жасау құралдарымен, сақтау қуаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Азат Сұлтанов.

Жобаның қуаттылығы-жылына 2 мың бірлік сепкіш. Сайып келгенде, өнеркәсіптік кооперация Қазақстандағы әмбебап үлгідегі сепкіштерге нарықтық қажеттілікті жаба алады. Мұндай одақ отандық фермерлерге жоғары сапа, қол жетімді баға және ең бастысы - қызмет көрсетеді.

«Agromash және Л-АГРО зауытының инженерлері мен технологтарының қолда бар білімі мен тәжірибесін ескере отырып, біз егіс науқанының оңтайлы мерзімдеріне сәйкес келуге және себу сапасын сақтауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы жаңа өнім жасаймыз. Ең бастысы, фермерлер бұл өнімді жеңілдікті лизинг бойынша және 30% субсидиямен ала алады. Біздің филиалдық желіміз Қазақстанның барлық астық егетін өңірлерінде бар, тиісінше фермерлер сервис пен қосалқы бөлшектер үшін уайымдамауына болады», - деп атап өтті Agromash зауытының коммерциялық директоры Николай Пархоменко.

Осы егіске локализация орталығында бірнеше жүздеген вариаторлық сепкіштер шығару және келесі жылы толық жобалық қуатқа шығу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Локализациялық орталық базасында AGROMASH зауыты AMAZONE, CLAAS, KIA және т.б. брендтер үшін компоненттер шығара бастады.

Астанада AgriTek/FarmTek Astana 2025 ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесі өтуде.

Оған Австрия, Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина сияқты 15 елден 200-ден астам экспонент қатысуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив