Абай облысының жастарына жасанды интеллект негіздерін тегін оқытуды бастады
ASSYLTAS қоғамдық қоры Абай облысының жастарына жасанды интеллект негіздерін тегін оқытуды бастады. Озық студенттер АҚШ-тың Бостон қаласына білім сапарына жіберіледі.
Болашақтың технологиясын меңгеруге бағытталған «Assyl AI» жобасына 100-ден астам студент қатысып жатыр. Олар топпен жұмыс істейді, ЖИ теориясы мен практикалық тапсырмалар орындайды және сала мамандарымен жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында қатысушылар хакатонда бизнес-кейстер мен нақты тапсырмаларды шешіп, үздік идеялар мен жобалар таңдалады. Бұдан бөлек, перспективалы жобаларға мини-гранттар беріледі, олар қаржылық қолдау алады. Сонымен қатар үздік студенттер TAS Group компаниялар тобына жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Бағдарлама қорытындысы бойынша бас жүлде жеңімпаздары Массачусетс Технологиялық Институтына білім сапарымен жіберіледі. Сапар барысында олар әлемдік деңгейдегі технологиялық компанияларды көруге мүмкіндік алады.