Жарма ауданында «Ұлттық киімдер» күніне танымдық сағат өтті
Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Наурыз мерекесінің он күндігіне орай, «Ұлттық киімдер» күніне танымдық сағат өтті.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. «Ең әдемі киім – ұлттық киім» деген екен ұлы адамдар. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі саналады. «Заттың құны жылтырында емес, сапасында» демекші, қазақ ұлттық киімдері тек табиғи таза материалдардан: аң терілерінен, жүннен, киізден, былғарыдан және матадан тігілген. Жалпысында, қазақ халқының қолөнері − көне заманмен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Іс – шараның мақсаты: қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін ояту және эстетикалық тәрбие беру.
Танымдық сағатқа Георгиевка атындағы орта мектептің 7 «в» сынып оқушылары және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.
Қазақтың ұлттық киімдерінен шеру өткізіліп, көрермендер арасында викториналық квиз ұйымдастырылды. Соңында ауылымыздың сыйлы азаматтарының бірі Қасенов Ғалымбек ақсақал өскелең ұрпаққа бата берді.