Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Өңір басшысы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының жұмысымен танысты

20-03-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Жарма ауданына жұмыс сапары барысында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны мен Шар қаласындағы Жарма технологиялық колледжінің жұмысымен танысты.

Колледжде бүгінде 135 студент 5 мамандық бойынша білім алуда. 72 студент жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды. Инженерлік-педагогикалық құрамда 33 оқытушы бар. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары» жылына орай Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының тапсырысымен биыл екі жаңа мамандық ашу жоспарланып отыр.

Кен орны колледжбен тығыз байланыста жұмыс істейді. Студенттер теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында эксковатор мен БелАЗ тау-кен техникасының жаттығу кешенін сыйға тартқан.

Оқу орнына былтыр облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасы толық жаңғыртылды.
Аймақ басшысы жаңғыртылған колледжді аралап, білім ордасының жұмысына жоғары баға берді. Оқу орнының тәжірибесін өңірдегі басқа колледждерге енгізу керектігін айтты.

«Президент биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Колледжде жұмысшы мамандықтарын дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Осы жұмысты жалғастыру керек»,- деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы аудандағы сапары барысында аймақтағы ірі өндіріс нысандарының бірі «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында» да болды.
Алтын өндірумен айналысатын кәсіпорын өндіріс көлемін жылдан жылға арттырып келеді. Өндірісте 1525 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 2023 жылы бюджетке 62,3 млрд теңге, 2024 жылы 75,2 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Мұндағы карьерлік өндіріс 2030 жылға дейін жалғасады. 2027 жылы жерасты кенішінің құрылысы басталады.

Облыс әкімі кәсіпорынның жұмыс процесін бақылап, өндіріс орнының басшылығымен аймақ экономикасына қосатын үлесін арттыру бойынша пікір алмасты. Қызметкерлердің жалақысын инфляцияға сай айырмашылығын ескере отырып көтеруді ұсынды. Сондай-ақ, облысқа әлеуметтік нысандар салуға көмек көрсетуге шақырды. Өңірдегі іргелі кәсіпорын ретінде Ұлы Абайдың 180 жылдығына тарту жасау керектігін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив