Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Қазақстан мен Түркия: жер қойнауын пайдалану саласындағы әріптестікті дамытуда

27-03-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Çalik Holding» басқарма төрағасы Ахмет Чалыкпен кездесу өткізді.

«Çalik Holding» – Орталық Азия, Балқан, Таяу Шығыс және Африкадағы 34 елде жұмыс істейтін, жылдық табысы $2,5 млрд  құрайтын ең ірі түрік қаржы және өнеркәсіп топтарының бірі. Компания жер қойнауын пайдалану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, энергетика және қаржы салаларында маманданған.

Холдинг Қазақстан экономикасына инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруда. Басым бағыттардың бірі – жер қойнауын пайдалану саласы. Алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын сияқты түсті металдардың өндіруге дайын кен орындарын алуға немесе қатты пайдалы қазбаларды ашу әлеуеті жоғары аймақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге басымдық беріледі.

Кездесу қатысушылары екі мемлекеттің өнеркәсіп, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастығының зор әлеуетін атап өтті.

Бүгінгі таңда «Minerals.e-qazyna.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы тиісті рұқсаттарды алу процесі толығымен цифрландырылған.

«Министрлік қатты пайдалы қазбалардың 50 кен орнының тізімін жасады, олар бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында электрондық аукцион өткізу жоспарланған», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды жалғастыруға, тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив