Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының жетекшісі болып сайланды

29-03-2023, 16:08 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия Төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады.

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив