Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

26 жобаны іске асыру облыс халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етеді

28-03-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Атаулы жобалар тек облыс аудандарында ғана емес, сонымен қатар әкімшілік орталық – Семей қаласының бірнеше ауданында су құбыры желілерін ұйымдастыруды қамтиды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов  мәлімдеді.

– Биыл  Абай облысында су жеткізу бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға қаражат қарастырылған. Жоспарланған жобалардың 15-і 2024 жылдан өтпелі. Олардың қатарында Бобровка және Березовский кенттерін, сондай-ақ Глуховка, Егінсу, Қызылту және басқа да ауылдарды су құбыры желілерімен қамтамасыз ету қарастырылған, – деп атап өтті спикер.

Басқарма басшысының айтуынша, өтпелі жобалардан бөлек, облыста су құбыры желілерін ұйымдастыру бойынша 11 жаңа жоба қолдау тапты. Олардың 8-і Семей қаласында жүзеге асырылмақ.

Жалпы, 26 жобаны жүзеге асыру 28 511 адамды қамтып, өңір халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив