Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы «СемАз» ЖШС жұмысымен танысты

29-03-2023, 16:44 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен Абай облысына келіп,  «СемАз» ЖШС жұмысымен танысты. 

2007 жылы ашылған  ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруші «СемАз» зауытының  даму мүмкіндігі жоғары.Қазіргі таңда «ГАЗ» және «HINO» маркалы шағын тоннажды автомобильдер, «BELARUS» маркалы трактор, «SHACMAN» және «DONGFENG» жүк көліктері, «ZHONGTONG» және «DONGFENG» қалалық автобустары, «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктер шығарылады. Екі ауысымда жұмыс істейтін зауыттың өндірістік қуаты да жоғары.

- Барлық түйткілді мәселелер айтылды. Оның ішінде техникалық реттеу, сертификаттау және экпортқа қатысты сұрақтар көтерілді. Бүгінгі таңда бірқатар елдер төменгі экологиялық техникаларды қабылдауға дайын. Ол үшін еліміздегі сертификаттау мәселесін шешу керек. Бұл мәселе аясында барлық шешімдерді қарастыратын боламыз, – деді Қуаныш Елікбаев.

«СемАз» кәсіпорнының жұмысымен танысқан Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы кәсіпорын жұмысы туралы ойымен бөлісті.

- Бұл үлкен кәсіпорын. Мұнда  әртүрлі арнайы техникалар шығарылады. Сондай-ақ бүгін бұл кәсіпорынның  қазақстандық аккумуляторлар сияқты компоненттерді қолдана бастағанын көрдік. Жақын арада отандық шиналарға  көшу жоспарлануда. Дәнекерлеушілеріміздің  автобустардың кузовын толық дәнекерлейтінін көрдік. Мұның өзі үлкен жетістік, – деді ол.

Қуаныш Елікбаевтың жұмыс сапарымен Абай облысына келуінің себебі отандық метрологиямен де байланысты. Осыдан 100 жыл бұрын Семейде Омбы тексеру палатасының Семей бөлімшесі ашылып, отандық метрологияның қалыптасуы мен  дамуы басталған еді.

- Биыл  Қазақстан метрологиясына 100 жыл. Ал, еліміздегі метрологияның даму ошағы осы Семей қаласы. 100 жыл ішінде орасан зор жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам стандартты техника бірлігі, осы саладағы жетекші шетелдік ұйымдармен 70-тен астам келісімдер мен меморандумдар бар. Қазақстан метрология саласы бойынша барлық негізгі халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл біз үшін үлкен жетістік,- деп аяқтады сөзін Қуаныш Нұрланұлы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив