Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
504.44 545.65 5.95

Ашхабадтағы министрлік кездесуде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитіне дайындық барысы талқыланды

28-03-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 20-шы «Орталық Азия – Еуропалық одақ» министрлік кездесуіне қатысты.

Іс-шарада Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссия Вице-президенті Кая Каллас сөз сөйледі.

Самарқандта өтетін «Орталық Азия – ЕО» саммитіне дайындық мәселелеріне, соның ішінде бірлескен өңірлік бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Р.Василенко Қазақстанның ауыл шаруашылығы, цифрландыру және инвестициялық ынтымақтастық салалардағы бірқатар бастамаларын жариялап, Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін толық пайдалану бойынша еліміздің көзқарасын жеткізді.

Министрдің орынбасары Орталық Азия өңірі үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрестің маңызына тоқталып, 2026 жылы Астанада өтетін БҰҰ аясындағы Өңірлік климаттық саммитті ерекше атап өтті.

Министрлік кездесудің қорытындысы бойынша өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалған Бірлескен коммюнике қабылданды.

Ашхабадқа сапар барысында қазақстандық дипломат Түрікменстанның бастамасымен ұйымдастырылған «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы: Орталық Азия мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты тереңдету» атты іс-шарада да сөз сөйледі.

Сонымен қатар сапар аясында Р.Василенко жаңадан тағайындалған Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесу өткізіп, оның барысында өңірлік ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде су ресурстарын басқару, ғылым және білім, сондай-ақ өңірлік өзара байланыстар салаларындағы мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив