Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

29-03-2023, 17:42 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Қалада көркейту, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы» қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың  1 сәуірінен бастап абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық өткізу туралы жариялады.

Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау және облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес, қалалық сенбіліктер мен екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу күндерінде кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық және кооперативтік ұйымдардың барлық басшылары және қала тұрғындары бөлінген және бекітілген аумақтарда санитарлық тәртіп орнатуға белсенді қатысуға және мынадай жұмыс түрлерін орындауға міндетті:

- қоқысты (полиэтилен пакет, бөтелкелер және т. б.), сусымалы материалды (шлак, құм, саз, қиыршық тас) шығаруды ұйымдастыру;

- қоршауларды, қақпаларды, есіктерді бояу;

- ағаштарды, қоршауларды, жертөлені ағарту;

- қоқысты шығару бойынша шарт жасасу.

Қала әкімінің бастамасымен тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында әкімдіктің әрбір бөліміне бөлінген белгілі бір сектор бекітілді.

Сонымен қатар, жеке меншік иелері, барлық меншік нысандарының басшылары (ЖШС, ЖК және т.б.), сондай-ақ, гараждар, үйлер, саяжайлар, бау-бақша кооперативтерінің төрағалары аумақты тазалаумен айналысуы керек. 

ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, осы Кодекстің 381-1 – бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау - жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, шағын кәсіпорын субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықты рұқсатсыз қалдырғандардың фотосуретін, бейнематериалдарын түсіріп, сенім телефонымызға жіберсе, жергілікті полиция қызметі құқық бұзу фактісін анықтаса, біз экологиялық жауапты тұрғындарды сәйкесінше ынталандыруға дайынбыз. Біз қоршаған ортаны сақтауға бар күшімізді салып, жұмылдырамыз деген сенімдемін», - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, кеше Рысқұлов көшесінде осындай бұзушылық фактісі анықталған болатын. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, көлік құралын басқарған Камаз автокөлігінің жүргізушісі шатырсыз жүктің құламауын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде оған тиісті органдар айыппұл салған.

subbotnik-model_pdf-3.pdf

29-03-2023, 16:472.17 Mb

pdf

скачиваний: 1
Скачать
 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив