Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Қазақстандық белсенді жастар тәжірибе алмасу үшін Үндістанға барды

31-03-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

21-28 наурыз аралығында қазақстандық жастар делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Үндістанға сапарлады. Оларға Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген жастар да қосылды.

Кездесудің басты мақсаты – достық байланыстарды нығайту және жастарды Үндістанның мәдениетімен таныстырып, заманауи дамуын көруге мүмкіндік беру.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар жастар саясаты, спорт және цифрландыру салаларына жетекшілік ететін министрлермен кездесті. Сондай-ақ олар жергілікті атқарушы органдар мен Үндістанның жетекші оқу орындарының жұмысымен танысты.

Туристік бағыт бойынша жастар Делиге, Гоаға және Аграға сапар шегіп, Тәж-Махал, Агра қамалы және басқа да тарихи орындарды аралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив