Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

31-03-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Отырыс барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктерін, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда ҚХА-ның рөлін ерекше атап өтті.

Кеңес жұмысы барысында Евгений Кочетов Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

​Сонымен қатар Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Кеңесінің жаңартылған құрамын қарастырып, ҚХА Аналар кеңесінің Үлгілік ережесін бекітті.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Мерейтой аясындағы басты іс-шара – 23-24 сәуірге жоспарланған ҚХА-ның ХХХІV сессиясы болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив