Абай облысында діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті
Абай облысы Дін істері басқармасы және «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшылары клубының биылғы алғашқы отырысы өтті.
Клуб отырысында конфессияаралық келісімді нығайту бағытында атқарылатын бірлескен шаралар талқыланды. Басқарма басшысы Сейлбек Ысқақов клуб мүшелері өңірдің рухани тіршілігіне орасан еңбек сіңіріп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, басқарманың діни бірлестіктермен байланыс және оңалту жұмыстары бөлімінің басшысы Нұрлан Көпжасаров «Конфессияаралық келісімді нығайтудағы бірлескен шараларды талқылау» тақырыбында баяндама жасап, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын барысында діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралардың тиімді жүзеге асуына сенім білдірілді.
Клуб жұмысы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, өңірдегі діни келісім мен рухани тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қоспақ.