Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.55 596.03 6.63

Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды

1-04-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі өтеді. Оған еліміздің 643 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 24 мыңға жуық оқушы қатысады.

PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы балалардың өмірдегі нақты мәселелерді шешу үшін оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілетін білімалушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. Оны төртжылда 1 рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізеді.

Зерттеу компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. PISA-2025-тің негізгі бағыты - ғылыми сауаттылық, сонымен қатар инновациялық бағыт. 2025 жылы мұндай бағыт «Цифрлық әлемде оқыту» (Learningin the digital World) болады.

Естеріңізге сала кетейік, PISA-2022 нәтижелері бойынша Қазақстан Математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына енді. Сондай-ақ, Қазақстанның қалалық және селолық жердегі оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтықтығының төмендеуі байқалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив