Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев Шәкәрім шаңырағында

29-03-2023, 19:24 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Шәкәрім университетіне жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары Абсамат Акимов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Айнара Мұхамедқалиева бар.

Сапар барысында Қуаныш Нұрланұлы оқу орнының ғылыми-зерттеу орталықтарында болып, студенттердің ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізетін орындарының жағдайымен және ондағы жабдықтармен танысып шықты. Комитет басшысы университеттің ғылыми-әлеуетіне жоғары баға берді.

Делегация өкілдері университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті. Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Нұрланұлы өз сөзінде білім ордасымен ынтымақтасуға даяр екендігін жеткізіп, білім алушыларды іс-тәжірибеден өтуге шақырды.

«Бүгінгі біздің сапарымыздың негізгі міндеті білім алушыларды комитеттің жұмысымен құлағдар ету. Жұмыс орнына барған кезде ең бірінші студенттің іс-тәжірибеден өтуі қаралатыны анық. Сол себепті де сіздерді «Қазстандарт» РМК өтуге шақырамыз. Кәсіпорын негізгі ұлттық, ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді, басым салалар бөлінісінде стандарттау жөніндегі құжаттарды талдауды және жүйелеуді және т.б. жүзеге асырады. Сонымен бірге университеттің ғылыми әлеуетімен танысып шықтым. Жақсы зерттеу орталықтары бар екенін көрдім. Өңірде жоқ кейбір жабдықтар оқу орнында бар болғаны бізді қуантты»,- деді Қуаныш Елікбаев.

Өз кезегінде Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары Абсамат Акимов 90 жылға жуық тарихы бар білім ордасының миссиясына таңданғанын жеткізіп, "Үш анық" конференц-залының мән-мағынасы тереңде екендігін, залдың өскелең ұрпақтың санасына оң әсер ететіндігін жасырмады.

«Шәкәрім университетіне сапар аясында оқу орнының ішкі контингентімен таныстым. Кіре берісте жазылған миссияны оқып, бірден ЖОО-ның стратегиясын түсіндім. Себебі, бүгінгі таңда кадр мәселесі тапшы, әсіресе ұлттық құндылықтарымыз. Шәкәрім шаңырағы сапалы кадрларды даярлап, нағыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман даярлауда үздік екендігіне көз жеткіздім»,- деді Абсамат Абжапарұлы.

Сондай-ақ, қадірлі меймандар Шәкәрім университетінің мұражайында «Ұлылар мекені», «Шәкәрім шежіресі» рубрикасындағы құнды жәдігерлерді, музейдің алтын қорына жататын экспонаттар, археологиялық қазбалардан табылған заттар, көне кітаптарды көріп, университет тарихымен танысып қайтты.

Басқосуда кадр сұранысы, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор, тамақ қауіпсіздігі, іс-тәжірибеден өту және т.б. мәселелер қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив