Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

4-04-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі 935 миллион долларды құрады.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевқа «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Бұл бастамаға ЕҚДБ 2 миллиард еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы қазақстандық банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін ЕҚДБ президентіне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив