Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Бүгін VIII сайланған Семей қаласы мәслихатының бірінші сессия отырысы өтті

30-03-2023, 16:57 Думан Кенжеғазыұлы

Сессия отырысына Семей қаласының  әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия барысында қалалық мәслихат төрағасы лауазымына Данияр Шәкәрімовтің кандидатурасы ұсынылып, депутаттар кандидатураны бірауыздан мақұлдады. 

Сонымен қатар, Семей қаласының  әкімі Нұрбол Нұрсағатов барша депутаттарды құттықтап, ел игілігі жолындағы қоғамдық қызметтеріне сәттілік тіледі.

«Құрметті депутаттар біздің алдымызда зор міндет пен үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Жаңадан сайланған әр депутат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп жұмыс атқарады деп ойлаймын. Әрбір депутат өзі сайланған аумақтың кем-кетігін түгендеп, қаламызды көркейту жолында күш жұмсайды деп сенемін», - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, сессия барысында тұрақты комиссия төрағалары мен мүшелері сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев депутаттардың куәліктері мен төс белгілерін табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив