Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.31 567.96 6.03

Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №8 мектептің 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат» атты саяхат сабағын өткізді.

Шара басында кітапханашы жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанын атап өтті. Ал бұл шын мәнінде еліміздің дамуындағы маңызды қадам.

Жұмысшы мамандар деп кәсіби білім алған, өз мамандығын терең меңгеріп, дағдыланған азаматтарды айтамыз. Айталық, арнайы оқып, білім алмайынша кез келген адам мамандық иесі бола алмайды. Демек кәсіби білім алу арқылы белгілі бір мамандықты шебер игерген адамды жұмысшы мамандық иесі дейміз. Еңбек адамына аула сыпырушы, еден жуушы, көпшілік тамақтанатын асханадан мейманханаға дейінгі қоғамдық орындарды тазалаушы жандар да жатады.

Әрі қарай іс-шара түрлі жұмысшы мамандықтармен және олардың ерекшеліктерін таныстырумен жалғасты. Жұмысшы мамандықтары қызметтінің кең ауқымын: құрылыс, өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызмет және тағы басқалары қамтитыны айтылып, бұл салалардың мамандары олардың жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ел игілігі үшін кәсіби білім алу арқылы кез-келген белгілі бір мамандықты шебер игерген, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білікті жұмысшылар барлық елде қашанда сұранысқа ие.

Шара қонақтары жұмысшы маман иелері Бибігүл Сағатбекова мен Сержан Ғабдуллин өз сөздерінде, адал, қажырлы еңбегімен табысқа жеткен жандардың қашанда құрметке бөленетінін тілге тиек етті.

Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыптық сөресі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив