Жарма ауданында орташа айлық еңбекақы 389 266 теңгені құрайды

2024 жылдың қорытындысы бойынша Жарма ауданында экономиканың барлық салаларында өндірілген өнім мен қызметтердің көлемі артқан. Соның нәтижесінде орташа айлық еңбекақы көлемі де өсті.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев мәлімдеді.
- Ауданымыздағы ірі кәсіпорындардың еңбекақысы жоғары көлемде қалыптасуына байланысты, аудан бойынша орташа еңбекақы көлемі өсіп, 389 266 теңгені құрап отыр. Бұл 2023 жылдың деңгейімен салыстырғанда 8,5%-ке артты, - деді ол.
Ауданда атаулы әлеуметтік көмек 176 адамға тағайындалып, жиыны 100,0 млн. теңге төленген. Ал материалдық көмек 814 адамға тағайындалып, 61,8 млн. теңге төленді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 221 адам қатысып, кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 30 адам, жастар іс-тәжірибесіне 47 адам жіберілді.
- Әлеуметтік көрсеткіштер бойынша 1049 адам жұмысқа орналасты. Нәтижесінде өткен жылдың деңгейінен 164 адамға артып, өсу қарқыны 118,5%-ті құрады. Тіркелген жұмыссыздар саны 209 адамды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 194 адамға азайып отыр,- деді Нұрлан Борсықбаев.
Айта кетейік, Жарма ауданында әлеуметтік сала бойынша оң өзгерістер байқалуда.
Тағыда оқыңыз
АнықтамаКурчатов қалалық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Жарма аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАбай облыстық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?