Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.55 596.03 6.63

Сенаторлар жол инфрақұрылымы мен өнеркәсіп секторының дамуымен танысты

8-04-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары автомобиль жолдары желісін дамыту мәселесіне арналған үкімет сағатына дайындық аясында Алматы қаласында болды. Онда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын пайдалану учаскесін тексеруге баса назар аударылды. Сенаторлар еліміздегі инфрақұрылымдық ірі жобалардың бірін іске асыру нәтижесімен танысты және өңірдің көлік жүйесіндегі стратегиялық маңызы бар осы күре жолды пайдаланудың қазіргі жай-күйін бағалады.

Парламентшілер сапар аясында Алматының индустриялық аймағында орналасқан бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарда да болды. Олардың қатарында автомобиль орындықтарын өндіруге маманданған «Almaty Autoparts Production» ЖШС және көлік құралдарына арналған мультимедиялық құрылғылар шығаратын «Kazakhstan Mobility Engineering» ЖШС бар. Парламентшілер сондай-ақ салынып жатқан мультибрендтік автозауытты да көрді. Бұл өндіріс орны отандық автоөнеркәсіпті дамытуға жаңа серпін береді.

Комитет мүшелері өңдеу өнеркәсібі одағының шақыруы бойынша Орталық Азиядағы желдету және климаттық техниканың жетекші өндірушісі  – Алматы желдеткіш зауытында болды. Зауыт аймақты сапалы инженерлік жабдықтармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сенаторлар сонымен қатар «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорынан қаржылық қолдау алған бірқатар кәсіпорындардың қызметімен де танысты. Олардың қатарында «Teplostil» термотақталар шығаратын зауыт, полиэтилен құбырлары мен тамшылату тұрбасын шығаратын «Ирригатор Қазақстан» кәсіпорны, сондай-ақ «Бижан» ет өңдеу зауыты мен инновациялық және импортты алмастыратын жобаларды табысты іске асыратын басқа да кәсіпорындар бар.

Сенаторлардың сапары көлік және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қазіргі бастамалардың тиімділігін бағалаудағы, сондай-ақ еліміздегі іскерлік және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірлеуде маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив