Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

«Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымы жетілдіріледі

9-04-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында баяндама құрылымының жаңа жобасы таныстырылды. Ұсынылған өзгертулер мен түзетулер зерттеуді күшейтіп, жастар жобаларының ғылыми-талдамалық жұмысын арттыруға бағытталған.

Отырыс барысында қатысушылар көші-қон мәселелеріне, жастардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігіне және NEET санатындағы жастардың қажеттіліктерін зерттеуге назар аударды.

Еске сала кетейік, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылдан бастап жыл сайын дайындайды. Осы уақыт аралығында баяндаманың 12 шығарылымы жарық көрді. Бұл орталық – Қазақстан жастарының әлеуметтік жағдайы мен хал-ахуалын жүйелі түрде зерттейтін бірден бір институт.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив