Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.16 588.48 6.23

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол тасымалы 4,4% өсті

15-04-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы қаңтар — наурыз айларының қорытындылары бойынша ҚТЖ желісінде тиеу көлемі 64,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 4,4% артық. Осы көлемнің 41 млн тоннасы ішкі тасымалдауға тиесілі. Экспорт 12% өсіп, 23,2 млн тоннаны құрады.

Негізгі позициялардың қатарында – көмір, тоқсан ішінде оның  26,7 миллион тоннасы тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4% жоғары. Қатты отынның ішкі қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылды. Көмір экспорты 16,2%, яғни 7,5 млн тоннаға дейін өсті.

Астық бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді: тиеу өткен жылмен салыстырғанда 48,7% артып, 3,6 млн тоннаға жетті. Оның 2,8 млн тоннасы — экспорт, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 52% жоғары.

Сондай-ақ мұнай жүктерін тиеу — 3,4% (5 млн тоннаға дейін), қара металдарды тиеу — 11,4% (1,1 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштарды тиеу — 19,6% (1,2 млн тоннаға дейін) және  құрылыс материалдарын тиеу 4,6% (2,8 млн тоннаға дейін) ұлғайды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив