Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Көлік министрі IV Анталия дипломатиялық форумына қатысты

16-04-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрі Марат Қарабаев Анталияның IV дипломатиялық форумына қатысты. Іс-шара 6 мыңнан астам қатысушының, оның ішінде 21 мемлекет және үкімет басшысы мен 64 министрдің басын қосты. Биылғы жылдың басты тақырыбы «Дүниеде дипломатияны қалпына келтіру» болды.

Форум аясында Қазақстанның Көлік министрі М.Қарабаев «Түркі мемлекеттерінің ұйымы: ынтымақтастықтың бірегей үлгісі» панельдік сессиясына қатысты.

Панельдік сессияға Кападокия университетінің ректоры Хасан Али Карасар модераторлық етті, ал спикерлер ретінде Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев, Әзірбайжан Президентінің арнайы тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі Эльчин Амирбеев, Қырғызстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің Төрағасы Бинали Йылдырым қатысты.

Министр М.Қарабаев өз сөзінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың стратегиялық көзқарасы мен практикалық қадамдарымен таныстырды. Ол Орта дәліз тек көлік жолы емес екенін атап өтті. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық, энергетикалық және логистикалық артерия. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз Қазақстанды Азия мен Еуропаны байланыстыратын рөл атқаратын өңірдегі негізгі логистикалық хабқа айналдыру жолында жүріп жатырмыз», – деді Министр.

Панельдік сессияға қатысушылар интеграциялық үдерістерді нығайтудағы айтарлықтай ілгерілеушілікті атап өтіп, түркі мемлекеттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. ТМҰ-дың геосаяси сын-қатерлерді еңсерудегі және Орта дәліз сияқты бастамаларды дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Спикерлер жаһандық турбуленттілік жағдайында халықтарды жақындастыруға және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған практикалық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Форум аясында Министр М.Қарабаев Буркина-Фасо Сыртқы істер министрі Карамоко Жан Мари Траоремен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Буркина-Фасо СІМ басшысы энергетика, сауда және өнеркәсіп салаларындағы қарым-қатынастарды нығайтуға қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар министр бірқатар түрік компанияларымен кездесу өткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив